Бұл кəрілік бір даусыз дерт екен ғой – Өске Торқаұлы

Бұл бетте «Бұл кəрілік бір даусыз дерт екен ғой» атты Өске Торқаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бұл кəрілік бір даусыз дерт екен ғой,
Мынау, алпыс кемшілікке серт екен ғой.
Қартайғанда алды-артыңды байқамасаң,
Адамзат аяқ астынан мерт екен ғой.
Адамның бір қаруы тіс екен ғой,
Тіссіз тамақ ішуің күш екен ғой.
Алпыс екі тамырдан қуат кетіп,
Əншейін құр қарасын кісі екен ғой.
Көз қайда, айнадай боп жайнайтұғын,
Сөз қайда, бұлбұлдай боп сайрайтұғын,
Тіс қайда, қашырлатып шайнайтұғын,
Тамақ қайда, ішкенде тоймайтұғын.
Ақыл қайда, жер түбінен ойлайтұғын,
Қайрат, жігер бəрі де жастықта екен,
Дұшпаннан ерегіскен таймайтұғын.
Бұл кəрілік бірте-бірте алып жатыр,
Сорымыз бір-ақ күнде қайнайтұғын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл кəрілік бір даусыз дерт екен ғой өлеңінің авторы кім?

Өске Торқаұлы — осы өлеңнің авторы.

Бұл кəрілік бір даусыз дерт екен ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл кəрілік бір даусыз дерт екен ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Өске Торқаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл кəрілік бір даусыз дерт екен ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар