Бес қару – Қожаберген жырау

Бұл бетте «Бес қару» атты Қожаберген жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ер қаруы – бес қару,
Екі топқа бөлінген.
Алғашқысын көп айтқан,
Шыққаннан соң көңілден.

Қылыш, садақ, айбалта,
Күрзі менен көк найза.
Ел қорғауда әрқашан,
Келтірген ерге көп пайда.

Күлдірмамай, қанжар мен
Дырау қамшы – үшеуі.
Екінші топқа жатады,
Семсер, сойыл – бесеуі.

Сапасына қарай бес қару,
Екі жүйе аталған.
Осылардың барлығы,
Жауынгерге арналған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері