Қызылжар – Қожаберген жырау

Бұл бетте «Қызылжар» атты Қожаберген жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қол бастап әкем Толыбай туын тіккен,
Есілдің күнгей бетін күздік еткен.
Көлденең көк Есілдің жарқабағын,
Әкеміз Қызылжар деп атап кеткен.

Қызылжар содан бері атаныпты,
Әкемнен ерлер сонда бата алыпты.
Ту ұстап, тұлпар мінген он жеті ағам,
Қол бастап жау қалмаққа аттаныпты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері