Төлегетай бабамыз – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Төлегетай бабамыз» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жасытпай жұрағат пен жұратыңды,
Жұмақтан тапқан дейді ел мұратыңды.
Дарыпты бір басыңа жеңіс, атақ,
Алты алаш тегіс атап жүр атыңды.

Қайырмасы:
Төлегетай бабамыз,
Төлегетай данамыз,
Кешегінің жыр әні,
Бүгінгінің ұраны.
Қайда жүрсек есімің,
Есімізде тұрады.

Бағына жаратылып ғұрыпты елдің,
Ат басын бізге тағы бұрып келдің.
Жат жұрттың батырында кетпей кегің,
Ханның да шатырында тұрып көрдің.

Қайырмасы

Тапсам деп барша қазақ бағын қайдан,
Қамалың дала болған, тағың-майдан.
Атыңды жатқа жұмсар құралы етіп,
Келеді ұран етіп қалың найман.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері