Бұл бетте «Көбейсін сәбилер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шаттандық тіршілік түрленіп,
Дүниеге «шыр» – еткен үн келіп.
Әулеттің жалғасы жар салды,
Жасалсын бесік-той шілделік, шілделік.
Қайырмасы:
Толқысын әр үйде
Әлдилі ән күйлер.
«Іңгәлап» жыр төгіп келіңдер
Тезірек тәй-тәйлап желіңдер
Тіршілік шырағы сәбилер.
Әуелеп «әлди»-ге толған ән,
Қазаққа жебеуші бол ғалам.
Сәбилер көбейсін, көбейсін,
Нығайсын төрге құт орнаған, орнаған.
Қайырмасы
Үлестен қалмаңдар тиесі,
Аруақтар қолдасын киесі.
Сәбилер, сендерсің, сендерсің,
Туған жер, туған ел иесі, иесі.
Қайырмасы
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі