Жауынгер жарым оралшы
Бұл бетте «Жауынгер жарым оралшы» атты Құмарбек Сыдықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жадымнан шықпай, арайлым,
Жолыңа күнде қараймын.
Қоштасқан сол бір сағаттан,
Уақытты өткен санаймын.
Сыр болып назым тарқамай,
Сағындым сені қалқам-ай.
Толқынға тосып жанымды,
Шақырған болам сабырды.
«Торықпа, жаным» – десем де
Қайтейін, сәулем, сағындым.
Сағыныш сазы тарқамай,
Жүрмін ғой аңсап, қалқам-ай.
«Жабықпай жаным жүрші, айым, –
Деп едің, – келші құшайын».
Жауынгер жарым оралшы,
Алдыңнан құс боп ұшайын.
Көңілден көп ой тарқамай,
Сағынып жүрмін, қалқам-ай.
Сағыныш сазы тарқасын,
Оралшы тездеп қалқашым.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі