Рауанды таңдарым-ай
Бұл бетте «Рауанды таңдарым-ай» атты Құмарбек Сыдықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Беу дала!
Кең төсіңмен келем өрлеп.
Сәріде ойдан озып, қырға шығам.
Қалайша шалқытпасын өлең тербеп.
Көңіліңді жанай өткен жыр қасынан.
Қайырмасы:
Рауанды ақ таңым-ай.
Көк торғын бақтарым-ай
Құрақтар сыбдырын-ай
Бұлақтар сылдырын-ай!!!
Құладүз шыға келді түгі түлеп,
Жадырай нұрын сеуіп арай келді.
Жас қайың жарқын жүзбен күлімсіреп,
Тарқатып жібек жанын тарай берді.
Қайырмасы
Қалмады өзімде енді қалау ерік,
Жүр-жүрлеп жетелейді гүл шырайы.
Шығысқа алқызыл рең алау беріп,
Керіліп кербез сұлу күн шығады.
Қайырмасы
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі