Керек кезде

Бұл бетте «Керек кезде» атты Қуат Қайранбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Керек кезде,
керек жерде тумадым,
Арпалысып атақ-мансап қумадым.
Айды алам деп қол созбадым аспанға,
Жырдан таптың бұл дүниенің думанын.

Көппен бірге, жаймен өтіп жас шағым
Бөлектеніп, шығармадым асқақ үн.
Санаулының қатарында жүргем жоқ,
Сәйгүлікті тақымыма баспадым.

Жылпостармен жалғастырып жең ұшын,
Айла іздемей, жырмен болды көп ісім.
Кесірлінің су құймадым қолына,
Керенаудың кигізбедім кебісін.

Тәубеменен қарсы ап әрбір ақ таңын,
Тағдырыма зар-мұңымды шақпадым.
Бірде озып, бір қалса да жүйрігім,
Шын тұлпардың шаужайынан қақпадым.

Терең бе еді, таяз ба еді талғамым,
Көп болды ма бергенімнен алғаным?!
Жақсыларға жұлып бердім жүректі,
Ардың ісін саудаға әкеп салмадым.

Болсам деумен тау тұлғалы, өр үнді
Шығармадым шымбайдағы шерімді.
Биліктінің билемедім алдында,
Білектіге бүккенім жоқ белімді.

Бақ-талайдың сүрлеуі көп, жолы мың…
Сан сүрініп,
тайды талай тобығым.
Тайталаспен өтіп жатыр тірлігім,
Қоңыр тірлік,
қоңыр әуен,
қоңыр үн.

Өміріме өзек болып өлеңім,
Өз халімше жырдан маржан теремін…
… Керек кезде, керек жерде туғанның,
Айтқандарын орындаумен келемін!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Керек кезде өлеңінің авторы кім?

Қуат Қайранбаев — осы өлеңнің авторы.

Керек кезде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Керек кезде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуат Қайранбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Керек кезде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар