Шынарым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Көктемнің көгілдір таңында,
Жас жүрек аңсайды сыңарын.
Сезімге берілген шағымда,
Жанымда сен болшы шынарым.

Қайырмасы:
Сен барда дүние шырайлы,
Өзімді басқаша сезінем
Күлдіріп кезекпен
Күнді, айды,
Қараймын әлемге әдемі
Бақыттың көзімен.

Жасыл бір жастықтың бағында,
Жайқалсын жапырақ құмарым.
Жабырқау тартатын шағымда
Жанымда сен болшы шынарым.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шынарым өлеңінің авторы кім?

Жамау Бұхарбаев — осы өлеңнің авторы.

Шынарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шынарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамау Бұхарбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шынарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері