Шынарым – Жамау Бұхарбаев

Бұл бетте «Шынарым» атты Жамау Бұхарбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көктемнің көгілдір таңында,
Жас жүрек аңсайды сыңарын.
Сезімге берілген шағымда,
Жанымда сен болшы шынарым.

Қайырмасы:
Сен барда дүние шырайлы,
Өзімді басқаша сезінем
Күлдіріп кезекпен
Күнді, айды,
Қараймын әлемге әдемі
Бақыттың көзімен.

Жасыл бір жастықтың бағында,
Жайқалсын жапырақ құмарым.
Жабырқау тартатын шағымда
Жанымда сен болшы шынарым.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері