Даламның сен бір дастаны

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Алқынып жеткен алдан күн,
Алауын жағар арманның,
Опасыз мынау дүние
Жұмбағы көп-ау жалғанның.
Сырына толық қанбастан,
Ләззатын тұтас алмастан,
Үзіліп түсер қысқа жіп,
Аяқсыз қалып ән-дастан.
Таусылдық кейде текке біз,
Таптырмас алыс кеткен із.
Шағала үні шарықтап,
Толқыған сезім – көк теңіз.
Үнінің ашық, асқағы,
Тамсантып қойған басқаны.
Мұң менен шерден жаралған
Даламның сен бір дастаны.
Толқынын тіліп боранның,
Жыл құсыменен оралдың.
Тоғайың болып тосып тұр
Тобылғы өңдес торанғың.
Алқынып жеткен алдан күн,
Алауын жағар арманның.
Сиқырлы мынау дүние,
Жұмбағы көп-ау жалғанның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даламның сен бір дастаны өлеңінің авторы кім?

Жамау Бұхарбаев — осы өлеңнің авторы.

Даламның сен бір дастаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Даламның сен бір дастаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамау Бұхарбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даламның сен бір дастаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар