Алтын ордам – туған жер

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Туған жер төскейінде түледім де,
Жібектей жел есілді жүрегімде.
Арайлы таңдарыңның шуағындай,
Асылды таба алмадым бұл өмірде.

Қайырмасы:
Жарқын жаздың жанарынан нәр алған,
Сенің жылы топырағың-ән арман.
Жерұйыққа теңгерілген,
Жыр шумағы сенде өрілген.
Айналайын алтын ордам,
Аппақ нұрдан жаралған.

Қарсы алып түстік жерден қоңырау үн,
Туған жер сүт аңқыған омырауың.
Жанымды рахатқа бөлегенге,
Шаттықтың шуағына шомыламын.

Қайырмасы

Салқын бел, самалды қыр бақтарынан,
Биқасып байлық кені ақтарылған.
Туған жер, көрем сенің дидарыңды,
Бақытты шұғалалы шақтарымнан.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын ордам – туған жер өлеңінің авторы кім?

Жамау Бұхарбаев — осы өлеңнің авторы.

Алтын ордам – туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алтын ордам – туған жер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамау Бұхарбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын ордам – туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері