Сая бағым – Сәдуақас Томашинов

Бұл бетте «Сая бағым» атты Сәдуақас Томашинов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кішкене қуыршақтай балапыным,
Мамықтай жылы жұмсақ алақаның.
Сипалап саусақтары тисе бетке,
Елітіп, еміренбес қалай жаның.

Қайырмасы:
Бауыр етті, жүректі,
Елжіретер немерем.
Өмірге келген перзентті
Неге? Кімге? Теңер ем!

Сағынам сағат сайын көрсем дағы,
Мейірім қанар емес сүйсем тағы.
Саяттап өмір – өзен жағасында
Шаршасам қуат берген сая бағым.

Қайырмасы:
Сая бағым, асылым,
Жапырағым, жасылым.
Әулетімді ұрпаққа,
Паш ететін ғасырым.

Айналып бүгін сені толғанамын,
Әулетім өзіңменен жалғанады.
Есіңнен есейгенде кетпесін тек,
Атаңның саған арнап салған әні.

Қайырмасы:

Қандай тәтті немерем,
Неге? Кімге? Теңер ем!
Ұрпағымды жалғайтын
Болса өзіңнен шөберем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сая бағым өлеңінің авторы кім?

Сәдуақас Томашинов — осы өлеңнің авторы.

Сая бағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сая бағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәдуақас Томашинов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сая бағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері