Өтер айлар, өтер жылдар, өтер күн

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Өтер айлар, өтер жылдар, өтер күн,
Алтын уақыт қадіріңе жетер кім?
Атқан оқтай, жылдамдықпен зулаған,
Секундтармен мен де сырғып кетермін.

Қайран уақыт көшкен құмдай сусыған,
Көңіл бөліп, көз тоқтатар кім бұған?
Кеше ғана тал шыбық ем, ал бүгін,
Кескен томар секілденген түр-тұлғам.

Күнім өтіп, апта, айға ұласып,
Қабағымды қара түнек мұң басып.
Қайтқан құстай, мезгіл келсе қалықтап,
Керуен бастап, келем мен де қыр асып.

Дауылдайын құйындатқан дәуренім,
Жарығына арбалыппын сәуленің.
Геологтай қазына іздеп қаңғырған,
Дүниенің ақтарыппын тау-кенін.

Ширек ғасыр қара жолды шиырлап,
Асу асып, тау бөктерін қиырлап.
Қай шұңқырға төгерімді білмеймін,
Дүниенің күл-қоқырын жиып ап.

Қайран уақыт үміт қалды ақталмай,
Жырлағанмен пайда бар ма, жақ талмай.
Тарпаң тағдыр тақымында кетермін,
Тарта-тарта тулақ болған көкпардай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтер айлар, өтер жылдар, өтер күн өлеңінің авторы кім?

Айтақын Бұлғақов — осы өлеңнің авторы.

Өтер айлар, өтер жылдар, өтер күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өтер айлар, өтер жылдар, өтер күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтақын Бұлғақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтер айлар, өтер жылдар, өтер күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері