Қоңыр күз, қобыз мұң
Бұл бетте «Қоңыр күз, қобыз мұң» атты Айтақын Бұлғақов жазған табиғат туралы өлең берілген.
-
admin
- 05.09.2024
- 0
- 0
- 1000
Қоңыр күз, қобыз мұң,
Сары көйлек киді, тал-қайың.
Қамшыға сап боп тобылғың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Табиғат торыққан,
Ай жүзін әжім торлаған.
Бұрымы түскен тобықтан,
Арудай жолы болмаған.
Сарыалтын жапырақ,
Ғұмырың келте Жаратқан.
Қараша тумай қалтырап,
Үзілген беймезгіл сабақтан.
Сары түске боялған,
Сарыуайымға салынып,
Не деген, шебер ой Аллам?!
Мезгіл тұр, түске малынып.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі