Бұл бетте «Білімге сапар» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жадырап атты таң күліп,
Ұйқымды алғам қандырып.
Қоңырау үнін ести сап,
Мектепке тарттым сән құрып.
Өзімше мен де батылмын,
Ұясын іздеп ақылдың,
Арқамда сөмке, қолда гүл,
Мектепке келе жатырмын.
Мектепке қадам басамын,
Шашу ғып гүлді шашамын.
Партаға алғаш отырып,
Білімнің кілтін ашамын.
Өмірге жарқын ұмтылып,
Жүрегім толқып, бұлқынып,
Ата-анам қалар қуанып,
Жайнасам гүлдей құлпырып.
Басталды сапар білімге,
Ынта да басым ілімге.
«Оқыңдар жақсы!» дегендей,
Қарайды күліп Күнім де.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі