Бұл бетте «Жаны жайсаң достарым» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұсынып төрден орын құрметтейтін,
Ешқашан ақ көңілді кірлетпейтін.
Танытып жылы қабақ жаныңды ұғар.
Қасымнан достарым бар бір кетпейтін.
Әзілдеп құрдастай біз сыр бастаймыз,
Тынбайды көңіл-дөнен – қырды аспай біз.
Ешкімнің сұқтанбаймыз дәулетіне,
Жандармыз сыйласатын қинаспай біз.
Қайырмасы:
Ақ пейіл, таза күнәдан,
Жүрекпен сүйіп құлаған,
Сырласса жақсы бір адам,
Мәртебем өсіп қуанам.
Жұп жазбай дүние жалғанда,
Достарым жайсаң жүр аман.
Достардың сайран құрсам арасында,
Шыққандай мәз-мәйраммын дара шыңға.
Сүрінсең сүйеу болар, жанашыр да,
Қалдырмас дұшпандардың табасына.
Тірегім өмірдегі, сүйенерім
Текті өскен ұрпақтары киелі елдің,
Ардақтар адалдықты адал досты,
Келеді сүйе бергім,сүйе бергім.
Қайырмасы
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі