Үш кемеңгер – мәртебем

Бұл бетте «Үш кемеңгер – мәртебем» атты Жарасбай Нұрқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақбоз үй, ең әдемі, ең үлкен үй,
«Елім» деп күмбірлейді кеудемде күй.
Қазақтың басын қосқан бабаларым,
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Қайырмасы:
Абыройы – Алатау,
Көкірегі – Сары Арқа,
Көңілі дария – Атырау,
Үш кемеңгер – мәртебем,
Алмағайып өмірде,
Астананың төрінде,
Ақылдасып отыр-ау!
Олай болса, япыр-ау,
«Атамекен жеріңде,
Ұланғайыр еліңде –
Тынысың да, демің де
Бірге болсын, бөлінбе!»
Деген асыл сөзіне
Ден қойсаңшы, жұртым-ау!

Жақсылар, жаны жомарт сезімдерге,
Баураған алты алашты сөзімен де.
Үшеуі бір ауыздан билік айтқан,
Ой салып Абылайдың өзіне де.

Қайырмасы

Сүйсең, сүй қазағымның аруларын,
Тусаң, ту бағымызға бауырларым.
Жарықтық Төле, Қазыбек, Әйтеке, деп,
Ардақтап, қадірлей біл аруағын.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш кемеңгер – мәртебем өлеңінің авторы кім?

Жарасбай Нұрқанов — осы өлеңнің авторы.

Үш кемеңгер – мәртебем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш кемеңгер – мәртебем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарасбай Нұрқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үш кемеңгер – мәртебем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері