Бопай батырдың Кенесары жасағына қосылардағы сөзі – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Бопай батырдың Кенесары жасағына қосылардағы сөзі» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайран да қайран, қайран жұрт,
Адуынды жауға айлаң жоқ,
Қапыда кеттің қосақта.
Қайғырғаннан қайран жоқ,
Белімді будым, мұрсат па?
Бұрымды түйдім,
дулыға кидім бұл шақта,
Қопарылып қол бастауға бекіндім,
Ошарылып отыратұғын кез бе бұл
От орнындай ошақта.

Қозы жауырын жебесі
Қойнында қалған қарт далам,
Шиыршық атып шебіңде
Шіреп бір тұрып тартпаған
ұлың бар ма еді,
мойнына атанның жүгін артпаған.
Қомсынар болсаң қатын деп,
Қамшыңды сілтеп, тарт маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері