Бетегелер, жусандар! – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Бетегелер, жусандар!» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бетегелер, жусандар!
Сендердің күн сүйген жамалдарыңа
Қалқып келіп қонушы еді ғой нұр шаңдар!
Егер расында осы өлкеде тусаңдар,
Сендер де қара жерді қорыңдар!
Сонда сендерге де орын бар.

Қызғалдақтар, лала гүл,
Көктемеге көрік берген қарағым,
Сендер де қызғыштай қорыңдаршы,
Тұмар ханшайымы секілді даланың!

Қорымдар!
Қара жерді сендер де қорыңдар!
Қара жерді мен де қорғайын, сонда ғана
менің тәніме сол қорымнан орын бар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері