Бұл бетте «Махаббат дейтін мынау ұлы күштің» атты Сағыныш Намазшамова жазған махаббат туралы өлең берілген.
Махаббат дейтін мынау ұлы күштің
Ұсынғаны у екен,
біліп іштім.
Қадамыма қапыда қарғыс айттым
Ілестің деп ізіне ібілістің.
Ілестің деп,
өзіммен күрескім кеп,
Бүршік жарды кеудемде бір өскін кеп.
Бір күнім кеп бетімді тырнап жатса,
Бірі келіп үмітін үлестірмек.
Алаңдатқан,
аңсатқан,
торықтырған
Ерке күннің жолында ерік құрбан.
Сайтан азғырды деуші ем,
жо-жоқ, сөйтсем,
Періште екен біздерді жолықтырған.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі