Бұл бетте «Бақытын іздеп бес күннің» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бақытын іздеп бес күннің,
Қиялмен қырды кеземін.
Сағынышы болмай ешкімнің,
Сарғайып кеттім тек өзім.
Тағылық көрсең, дір етпе,
Тағдырдың жолы бұралаң.
Із салып кетті жүрекке,
Жауап бермейтін бір адам.
Тілім болғанмен, тұншығам,
Көзім бар, бірақ соқырмын.
Сезімнің селін сусыған,
Тізгіндей алмай отырмын.
Ағызып, мейлі әкетсін,
Асау толқындар жыраққа.
(Мына дүниеге жат етсін),
... Жеткізер ме екен жұмаққа.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі