Алма ағаш гүлдеді – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Алма ағаш гүлдеді» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алма ағаш гүлдеді.
(Жетектей жөнелді жыр мені)
Үсітті үлпілдек үмітті,
Көктемнің көңілсіз бір демі.
Адалдың жоқ білем, жаттығы.
Алманың ашылған ақ гүлі,
Жел тұрып құйынын құтыртқан,
Жер болып шашылды шаттығы.
Алма ағаш, арнадым бір өлең
(Көңілді күйім жоқ, күлер ем),
Ащы Күн апшысын қуырып,
Тамыры бір тамшы тілеген.
Әр күні шертеді бір күйді,
Жаңбыр да болымсыз бүркиді.
Тал шыбық мінген бір тентек ұл
Зікірін салдырып сілкиді.
Домалап ащысы, тәттісі,
Жалғанға жайылып жатты ісі.
Құс ұшып аулаққа жөнелді,
Бақта да бола ма бақ құсы?
Таусылмас тілек көп, күнде арман,
Сынаққа жомарт-ақ бұл жалған.
Бәрібір тірліктің тәтті екен,
Жемісі шыныққан, шыңдалған.
...Алма ағаш гүлдеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алма ағаш гүлдеді өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Алма ағаш гүлдеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алма ағаш гүлдеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алма ағаш гүлдеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері