Отбасым – шағын жұмағым – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Отбасым – шағын жұмағым» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұстап жүрсем де үйде мен,
Күйкі тірліктің құлағын.
Кезі жоқ көңіл күйреген,
Отбасым – шағын жұмағым.
Естілмеу керек айқайың,
Өз заңы бар-ау оның да.
Пейіш деп қалай айтпайын,
Періштем жүрсе соңымда.
Балапандарым, асыл жан –
Тірегім, темірқазығым.
Күліп тұр шыңның басында
Жазығым емес, наз үнім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері