Ауасына ауылдың шөлдегенім – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Ауасына ауылдың шөлдегенім» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ауасына ауылдың шөлдегенім,
Не қимасым қалып ед елде менің.
Осы маңда табаным жерге тиіп,
Жылы ұяға жөнелткен жеңгелерім.
Бәрі осында - бақытты бала ғұмыр,
Ойын қуып, сауықты салады бір.
Өрнектеген өрісін өрген түлік,
Еңбекпенен жасаған дала дүбір.
Туған жерім тербеткен, сайын далам,
Сарқылмайтын сыйың бар дайындаған.
Бозбалаға бейкүнә болмысыммен,
Байқатпаған сырымды Ай ұрлаған.
Осында алғаш ана деп, әке дедім,
Төл аймақ, түлегіңді мәпеледің.
Өзек етіп өзіңнен алғанымды,
Өлең етіп өзіңе әкелемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері