Көқ сеңгір – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Көқ сеңгір» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2500
Жатырсың сен қарайып,
Жер бетінде бір меңдей.
Тағып маған тау айып,
Тау деп айтсам күлгендей.
Тау шығарсың жасыңда
Бойың көкпен таласқан.
Қар ұялап басыңда
Бұлт шыңында адасқан.
Бір кездегі алып шың
Жаңбыр ойып, жел күреп,
Шөге-шөге қалыпсың
Шынтағыңмен Жер тіреп.
Жасап кейде шет-пұшпақ
Күліп саған басқа тау.
Жастық шағын бетке ұстап,
Айта берсін босқа дау.
Құр бекерге қамығып,
Сен мұңайып жасыма.
Келер әлі кәрілік
Олардың да басына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көқ сеңгір өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Көқ сеңгір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көқ сеңгір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көқ сеңгір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері