Ленин қарапайымдылығы

Бұл бетте «Ленин қарапайымдылығы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2016
Қарапайым оның жүріс, тұрысы,
Қарапайым ақтарыла күлісі,
Қарапайым алғашында басталып,
Бітеді оның керемет боп ұлы ісі.
Қарапайым үстіндегі киімі,
Кепкасын да қызық кейде киюі.
Қарапайым сөйлеп кетсе бірақ та,
Басқалардан шығар биік иығы.
Қарапайым оның барлық қимылы,
Ол — өмірдің, өмір оның сыйлығы.
Қарапайым айтылса да қалт болмай,
Орындалып жатады оның бұйрығы.
Жұмысшының, матростың, шаруаның,
Тыңдайды ол көкейдегі арманын.
Әңгімемен сезбейді ол көбіне
Кремльге таянып та қалғанын.
Жолықса оған жұрттың бәрі жаңарып,
Шығады одан өміріне нәр алып.
Күннен биік, терең мұхит түбінен —
Қарапайым лениндік даналық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленин қарапайымдылығы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ленин қарапайымдылығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленин қарапайымдылығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленин қарапайымдылығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері