Алғашқы әсер

Бұл бетте «Алғашқы әсер» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2449
(Жазушы Василий Субботиннің айтуынша )
Алматы артық екен ертегіңнен,
Мадақтап мақтамапты ел тегіннен,
Секілді алып кеме Алатауы,
Ақша бұлт аумай қалған желкенінен.
Паш етіп барлық жерге баяндамай,
Көп өттік Алматыға аялдамай,
Бар екен қазақтарда не сұлулар
Баяғы Қозы Көрпеш — Баяндардай.
Нұрлы екен сұлулықтың арманындай,
Жырлы екен сонау Біржан салдарындай,
Кең екен даласындай қазақ жаны,
Өр екен өздерінің тауларындай.
Бұлт мауқы басылмас тау басын құшпай,
Жеткенше жел де шыңға асығыстай,
Жайылған саусақтардай жас бұтақтар,
Шулаған жапырақтар жасыл-құстай.
Сынаптай таза ауасы жанға тұнған,
Жыр шертіп бұлақтары таңды атырған,
Әлемде артық жер жоқ, қазақ досым,
Ақ таулы жасыл баулы Алматыңнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғашқы әсер өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алғашқы әсер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғашқы әсер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғашқы әсер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері