Бұл бетте «Жылжып барады жылдарым жылдам өтіп» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жылжып барады жылдарым жылдам өтіп,
Жанарыңнан жүргенде жыр дәметіп.
Жүрегімде жақұт бар, көре алмайсың,
Жіберер ем жолыңда құрбан етіп.
Сусып барады айларым сырғанақтап,
(Өткенімді шықсам-ау бір парақтап).
Сағыныштың салмағын сезбей жүрсің,
Құшағыңа жетер ем қырдан аттап.
Көшіп барады күндерім, қайрылмастан,
Қайрылмайды, асса да қайғың бастан.
Жан алып жан берісер сен емессің,
Болар едім сертімнен айнымас жан.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі