Шымшық-жаным қалай тұрсын шыр етпей – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Шымшық-жаным қалай тұрсын шыр етпей» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шымшық-жаным қалай тұрсын шыр етпей,
Көз талдырдым кеткеніңе күн өтпей.
Сен жайлы ойдан мендік жүрек-жалауым,
Тыншымайды жел үрлеген жібектей.
Жерден іздеп жүргенімде жоғымды,
Қыз-дәуреннің қоңырауы соғылды.
Пенде екенмін, кенде екенмін сабырға,
Кетсем бе екен бір-ақ сілтеп қолымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері