Ауырлықтың бәрін үнсіз көтердім – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Ауырлықтың бәрін үнсіз көтердім» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ауырлықтың бәрін үнсіз көтердім,
Жақын бола тұра саған бөтенмін.
Ақын бола тұра сақтап сырымды,
Қақым болмай тұрғаны ғой, не етермін?!
Қызғаныштың басын кестім паршалап,
Қалай жүрем осы жүкті арқалап.
Сүйе тұра асығасың кетуге,
Біле тұра күйік қалай тарқамақ?!
Үнсіздікпен үйлескенде көз жасым,
Бұғып жатқан батпай ойды қозғасын.
Баға қалмас, жаңаланбас қайтадан,
Орта көңіл, торқа көңіл тозғасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері