Аясында шағалалы шақтардың – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Аясында шағалалы шақтардың» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аясында шағалалы шақтардың,
Жат біреуге жан сырымды ақтардым.
Таптым сөйтіп бөгде ішінен өзімді,
Сөкпе мені, атқан таң мен батқан күн.
Ал жанымда көп екен-ау сырт адам,
Теріс қарар тұрғанында жұрт аман.
Өзімдегі өгейлердің жанында
Өгейдегі өзім жақын бір табан.
Кетті деме бізден бөлек жырылып,
Сонадайдан қол бұлғайды бір үміт.
Жапырақты жұлқылайды күзгі жел,
Тал басында жалғыз қалған ілініп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері