Көңіліңе мұң сыйласам, кеш, жаным – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Көңіліңе мұң сыйласам, кеш, жаным» атты Сағыныш Намазшамова жазған мұң туралы өлең берілген.

Көңіліңе мұң сыйласам, кеш, жаным,
Елгезек үн естіртеді ескі әнін.
Болымсыздан жасай берме босқа мұң,
Бәлкім мұным аңсауға аңсау қосқаным.
Қамықпашы қабағыңа қайғы алып,
Сен мұңайсаң Күн күлмейді, Ай ғаріп.
Қапелімде жат елінде адасып,
Қайта оралған құс шығармын айналып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері