Ойладым деп, сағындым, сарғайдым деп
Бұл бетте «Ойладым деп, сағындым, сарғайдым деп» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойладым деп, сағындым, сарғайдым деп,
Жүктедің-ау алдыма таудай міндет.
Алып-ұшқан болмаса менде сезім,
Сөзіңе сенбес едім.
Қаңтар айым, жаңғырған жан сарайым,
Сол шағымды қалайша аңсамайын.
Сары аяздан тоңғанда қала мүлдем,
Жылытқансың жалт еткен жанарыңмен.
Ал шілдеде суықсың, қалтыраттың,
Жарымасын білгенмін жарты бақтың.
Күдікті ойлар түскенмен бекемдене,
Өкпемді тез ұмытып кетем неге?
Есімім де, есім де, бүкіл денем,
Сағынышқа айналды күтуменен.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі