Қарашаның қара суық кеші бір – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Қарашаның қара суық кеші бір» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қарашаның қара суық кеші бір,
Ойға оралтты сол бір жанның есімін.
Жауыннан ба, қауымнан ба,
Қолшатырға тығылдым,
Алға аттадым... сұрап тұрып кешірім.
Алға аттадым, аттағам жоқ ала жіп,
Күздің кеші сенбей тұр-ау сазарып.
Жыр тілейін, сілкінейін,
Жансыз жапырақтарын
Желге ұшырған ағаштай боп тазарып.
Не қылайын қарашаға өкпе артып,
Жапырағын жер ететін, жоқ тәртіп.
Ұяңдығым, қиял-мұңым
Ұрдажықтар ұқпайтын,
Үйренсемші мінезіңді сотқар, тік.
Қапсырады сансыз ойлар қамалап,
Жан сырымды жаяр едім саған-ақ.
Жемісін де, жеңісін де
Тауысып алған қарашам,
Қолшатырды жинап алдым,
Мұңымды шай, жаңбырыңа қанағат.
Қуаныш та қостан екен, жұт егіз,
Асықпағын, бастан кешіп бітеміз.
Көңіл де ояу. Қоңыр бояу
Екеумізде тым басым,
... Қайтуші едік?!
Аппақ қарды күтеміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарашаның қара суық кеші бір өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Қарашаның қара суық кеші бір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарашаның қара суық кеші бір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарашаның қара суық кеші бір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері