Бұл бетте «Жырым-жырым жақсылық» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жырым-жырым жақсылық,
Түсіп қалды иықтан.
Өмір, өзің бақсы ғып,
Күліп тұрсың миықтан.
Жымың-жымың көкте күн,
Түнмен туыс тамырым.
Кімге керек өткенім,
Сылдыр су боп сан ырым.
Тілім-тілім тілегім,
Сіңіп селдір бұлттарға.
Қайғы жонған жүрегім,
Шипа таппай ұрттарға.
Мұңым, мыңым, мұнарам,
Қасық мида мекенің.
Тәтті тағдыр сұрағам,
Білмей қатал екенін.
Бұрым-бұрым бұралаң,
Батты-ау саған сан адам,
Қос бәйтерек құлаған –
Қайран әкем, жан ағам!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі