Есер ғой ол, ерік берме ерінге – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Есер ғой ол, ерік берме ерінге» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Есер ғой ол, ерік берме ерінге,
Ерінбеген езулейді тегінде.
Ақыл тезбен, асыл сөзбен ұғындыр,
Не жатқанын ойдың алтын кенінде.
Тіл ұшында тұрған уға тосқауыл
Тіс болады, жаратылмас босқа бұл.
Тілге тиек, жерге үйек табылар,
Кемел болса жасамыс та, жас та бір.
Тіл – қасиет, тіл – кемеңгер, киелі ол,
Кие ұрмасын десең сөзге ие бол.
Болашаққа бағыт сілтеп тұрған бұл –
Көнелерден қалған бізге күре жол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есер ғой ол, ерік берме ерінге өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Есер ғой ол, ерік берме ерінге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есер ғой ол, ерік берме ерінге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есер ғой ол, ерік берме ерінге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері