Бұл бетте «Есер ғой ол, ерік берме ерінге» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Есер ғой ол, ерік берме ерінге,
Ерінбеген езулейді тегінде.
Ақыл тезбен, асыл сөзбен ұғындыр,
Не жатқанын ойдың алтын кенінде.
Тіл ұшында тұрған уға тосқауыл
Тіс болады, жаратылмас босқа бұл.
Тілге тиек, жерге үйек табылар,
Кемел болса жасамыс та, жас та бір.
Тіл – қасиет, тіл – кемеңгер, киелі ол,
Кие ұрмасын десең сөзге ие бол.
Болашаққа бағыт сілтеп тұрған бұл –
Көнелерден қалған бізге күре жол.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі