Немере – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Немере» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

– Әжетайым қайда менің?
Мектебіме бармақ едім,
Күйдірермін бармағымды,
Үтіктеші шалбарымды, –
Деп жалынды немересі,
Жалынудың шебері осы.

Кеткен әже жетпіс асып,
Түрегелді белін басып.
Жүре беріп «белім» деді,
Бірақ өзі ерінбеді.
Шалбарды алып,
Шаңын қағып,
Үтіктеді барын салып.
Ысқырып жүр немересі,
Тоғышарлық – деген осы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Немере өлеңінің авторы кім?

Қастек Баянбай — осы өлеңнің авторы.

Немере өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Немере өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қастек Баянбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Немере өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері