Жыл он екі ай – Сұлтан Қалиев

Бұл бетте «Жыл он екі ай» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қаңтар
Қаңтар келді ышқынып,
Сірескен қар жан-жағың.
Үдегенмен үскірік,
Күн ұзарды қарға адым.

Ақпан
Ақпанда
Қыс ызғары
Қайтпағанмен,
Күн жылып,
Айналаның мұз-қары
Бір қатады, бір жібіп.

Наурыз
Наурыз келді шуақты,
Шаттанбаған бар ма алап?
Жылғалармен су ақты,
Бүрін жарды тал-дарақ.

Сәуір
Сәуір келіп жетті енді,
Дала гүл-гүл жайнады.
Жырға қосып көктемді,
Әнші құстар сайрады.

Мамыр
Мамыр келді – ән-думан,
Көлде аққу қалқыды.
Орақ түскен шалғыннан
Жұпар иісі аңқыды.

Маусым
Құс көбейді көлдегі,
Маусым келді – жаз мейрам.
Асыр салып төлдері,
Жан-жануар мәз-мейрам.

Шілде
Шілде келді,
Бұл бір ай –
Жаз айы ғой ең ыстық.
Апамызға
Құлпынай,
Алша, шие терістік

Тамыз
Тамыз жомарт бұйырды –
Пісті қауын, алма, өрік.
Жүзім, алмұрт үйілді
Дастарқанға сән беріп.

Қыркүйек
Қыркүйек кеп,
Күз келіп,
Шопан көшті күздеуге.
Мектепке бет түзедік
Гүл құшақтап біздер де.

Қазан
Қазан келіп,
Көсілді
Аяқтап жұрт жұмысты.
Тал-дарақтар шешінді,
Қыс қамына кірісті.

Қараша
Қараша кеп шіреңді,
Қара суық қысады.
Аспан жиі түнерді,
Сезіліп қыс нышаны.

Желтоқсан
Азынайды бораны,
Желтоқсан – бұл, қыс басы.
Әйнекке ою ояды:
«Осы, – деп, – қыс нұсқасы».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыл он екі ай өлеңінің авторы кім?

Сұлтан Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Жыл он екі ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыл он екі ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтан Қалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыл он екі ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар