Ойын түбi – Сұлтан Қалиев

Бұл бетте «Ойын түбi» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сейiтке мен ағамын,
Жасым үлкен шамалы.
Мен мектепке барамын,
Сейiт ендi барады.
Мен – мұғалiм, ол – шәкiрт
Болып бiрде ойнадық.
Жүрдi менi шаршатып,
Жаза алмай қойды әрiп.
Онысына көнбедiм,
Қайталаттым қанша рет!
Талабыма ол менiң
Әзер төздi әлсiреп.
Қиналсам да соншама,
Сөккенiм жоқ тоқтап қап.
Тiлiне ауыр болса да,
Жаттатқыздым көп тақпақ.
Ризамын iнiме,
Ақталды iстiң азабы.
Он әрiптiң бүгiнде
Басын құрып жазады.
Бiледi ендi санауды,
Мадақтаймыз бiз оны.
Дұрыс ұстап қаламды,
Беске дейiн тiзедi.
Жатса сурет сала алмай,
Үйретемiн бояуын.
Тексерем де,
Аямай,
«Төрт» пен «бестi» қоямын.
Бiрақ сауат ашқаны
Маған пайда болмады.
Сөмкемді iздей бастайды,
Көзiм тайса болғаны.
«Үштерiм» мен «екiмдi»
Қояды үйге жеткiзiп.
Қызартады бетiмдi,
Маңдайдан тер төккiзiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойын түбi өлеңінің авторы кім?

Сұлтан Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Ойын түбi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойын түбi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтан Қалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойын түбi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері