Өлең, жыр, ақындар

Лаң

  • admin
  • 12.09.2024
  • 0
  • 0
  • 272
І
Есеп десе кiшi iнiм
Берiледi үрейге.
Сәл ойланса,
Күшiнiң
Жететiнiн бiлмей ме?
Калькулятор сұрайды
Шығармақ боп қиналмай.
– Жоқ, – десең-ақ жылайды,
Айтқаныңа иланбай.
Ойланудан қалмай ма,
Бақырса да бермеймiз.
– Шығар өзiң қалайда,
Бас ауыртып көр, – деймiз.
Содан соң ол жиi алға
Қолын созып қарайды.
Берiлген боп қиялға:
Саусақтарын санайды.
Өз сауағы жетпесе,
Ағам да әкеп қосады.
Жиырма саусақ жетпесе,
Анам да әкеп қосады.
Бiрлессе өстiп үй-iшi,
Шығады есеп оңай-ақ.
Дұрыс емес мұнысы,
Жүрем бiрақ оны аяп.

ІІ
Бүгiн үйде жоқ едi
Атам, апам, анам да.
Жұмысы тым көп едi,
Кетiп қапты ағам да.
Iнiм үйге келiптi,
Ренiш бар түрiнде.
Көп-көп есеп берiптi
Жамал апай бүгiнге.
Тамақтанып болғасын,
Есепке iнiм отырды.
Сүйей-сүйей ол басын,
Шығара алмай өкiндi.
Ойлай-ойлай ақыры,
Таусылыпты шыдамы,
Жалына атап атымды,
Саусағымды сұрады.
Бiр рақым еткелi
Қос қолымды төседiм.
Бiрақ бұл да жетпедi
Шығаруға есебiн.
Сосын екi шұлығын
Лезде шешiп тастады.
Сипап қойып тұлымын,
Башпай санай бастады.
Онысына мәз болды,
Деп ендi оңай шешемiн.
Бiрақ бұл да аз келдi
Шығаруға есебiн.
– Шығар, – деп ем, – ауызша,
Кеңесiме көнбедi.
Көзiнен жас ағыза,
Бөледi «әнге» бөлменi.
Айта-айта шаршадым,
Кiм көрiптi мұндайды.
– Аяғыңның саусағын
Санатшы! – деп жылайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күшігім

  • 0
  • 0

Күшігім - Сұлтан Қалиев
Есті менің күшігім,
Жатырқауды білмейді.
Мазасын ап кісінің

Толық

Құтты болсын мереке

  • 0
  • 0

Құтты болсын мереке - Сұлтан Қалиев
8 Наурыз мерекесінің
сценарийіне қосымша
Халықаралық әйелдер күні

Толық

Жыл он екі ай

  • 0
  • 0

Жыл он екі ай
Қаңтар
Қаңтар келді ышқынып,
Сұлтан Қалиев

Толық

Қарап көріңіз