Жыл құстары келгенде
Бұл бетте «Жыл құстары келгенде» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 12.09.2024
- 0
- 0
- 1013
Жыл құстары көктемде
Шаршап бізге жеткенде,
Құшақ жая қарсы алсақ,
Ұя жасап, ән салсақ,
Бір ғаннибет емес пе?
Қоныстарын оңдасақ,
Сотқарлардан қорғасақ.
Бұзықтарды жолға сап,
Қонысына қонуға
Тек кедергі болмасақ...
Бұл да міндет емес пе?
Қыстаған тек шетелде,
Қайтқан ата мекенге
Жыл құстары – бұл құстар
Туған жерге тым құштар
Туысымыз емес пе?
Туыс бізге тым ыстық
Жасай берсін туыстық!
Аңсап бізді оралған
Неге оларға: «Міне – тау,
Міне – далаң, міне – орман,
Міне – көлің» демеске.
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі