Сұлулықты түсінер әркім қалай
- 0
- 0
Сыр шертеді даланың қызыл гүлі,
Гүлдің гүлі – бір қызы сыбызғылы.
Сән-сәулеті елімнің осы екеуі
Және тағы домбыра, сыбызғы үні.
Бұл бетте «Дақылдар әні» атты Әдібай Табылды жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сыр шертеді даланың қызыл гүлі,
Гүлдің гүлі – бір қызы сыбызғылы.
Сән-сәулеті елімнің осы екеуі
Және тағы домбыра, сыбызғы үні.
Есіңде ме, ал менің есімде әлі,
Бақыт түні, айлы аспан кешіндегі.
Жалғыз ауыз сөзіңнен “сүйем” деген,
Асыл арман аңсаған шешілгені.
Қайнап шықпай сезімнің тереңінен
Ықыласты ұқпайтын кереңің мен.
Сөнген жұлдыз ғарышта сәулесіндей,
Жалған күлкі, адамға берер ме өң?..
Жыл өткен сайын сеземін
Алып жүр әжім кезегін.
Дер едім олар әдемі
Торласа бетін әженің
Аниса
Куштии
Жаңабай Сезім
Өтте күшті