Көк алаң – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Көк алаң» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1114
Етеді ылғи мені алаң,
Жусанды, еркек көк алаң.
Жаймасам құшақ, жұмып көз,
Ғашықты қалай өбе алам.
Аспандап көзім өтіппін,
Елемей, соқыр, кетіп тым.
Жастық қой шіркін қарайтын
Толтыра орнын кетіктің.
Көзбенен күткен сағыныш,
Өзіңе бүгін қарадым.
Ақ шалған басын бидайық
Не болған саған қарағым.
Қурапты сорлап бидайық
Тұрғанмен көктен нұр жауып.
Есебін тапқан қапыда,
Тамырсыз тажал шырмауық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері