Болат қалқан

Бұл бетте «Болат қалқан» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2630
Айта аламын әрқашан,
Орал сені мықты деп,
Жүгін, көкке нанбасаң
Тауларың тұр бұлт тіреп.
Айта аламын әрқашан
Жаралған деп сені оттан.
Сұра барып нанбасаң
Өзің қорытқан болаттан.
Айта аламын әрқашан,
Ер деп қорқу білмеген.
Жүгін, желге нанбасаң
Жалыныңды үрлеген.
Айта аламын әрқашан
Деп өзіңді күн ыссы.
Жүгін, маған нанбасаң
Солай дейді жұмысшы.
Ауыр күні соғыстың
Болатыңмен болыстың.
Көк темірді құрсандың
Қалқаны боп орыстың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болат қалқан өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Болат қалқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болат қалқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болат қалқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері