Днепрде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Днепрде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2558
Дүрілдеп жатты Днепр,
Дірілдеп жары толқыннан.
Айдыныңда ақ көбік,
Қорғасындай қортылған.
Айқасқа шыққан бұл уақыт,
Оранып ажал темірмен.
Жасырын жатып шалуға,
Жағалай мина көмілген.
Көргеміз сонда саперді,
Ажалдың жолын бөгеген.
Жазылып еді сол шақта,
Ол туралы көп өлең.
Білетінбіз тынымсыз,
Түн жамылып жүргенін.
Қара мұртын ширатып,
Көретінбіз күлгенін.
Сүйгенбіз сонда саперді,
Ажалдың жолын бөгеген.
Барлығын айтып қайтейін,
Жазылған сонда көп өлең.
Днепрдің бойында
Кездестік қайта біз бүгін.
Көрсетіп жатыр құрылыстың
Қағазға түскен сызығын.
Болса да үсте сұр шинель,
Сапер емес ол бірақ.
Құрылыстың мықты маманы,
Енді қазір прораб.
Отырдық жайлап жағада,
Кеңесіп доспен сол бір түн.
Қолымен жолын сілтеді,
Жұлдыз боп аққан толқынның.
1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Днепрде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Днепрде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Днепрде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Днепрде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері