Матэ залка – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Матэ залка» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2199
Таңғы Мадрид жанып жатыр,
Түскі Мадрид жанып жатыр,
Кешкі Мадрид жанып жатыр,
Түнгі Мадрид жанып жатыр.
Қара түтінді қара аспан
Құж-құж тастай
Құлайды опырылып,
Жерде көкте
Соғыстың азынайды оты ұлып .
Интернационалдық бригада
От кешіп келеді алда .
Испания емес Венгрия
Мадрид емес Будапешт
Жанып жатқандай көрінеді генералға,
Оның сөзі қысқа,
Сол тұста:
Солдаттың адымындай ,
Барабан дабылындай,
Ракета жарығындай ,
Оқтардың адымындай .
Ол әр окопта
Солдаттармен жанады отта.
Жоқ бір кездегі
Мінездері.
Ол қазір
Құйылған құрыштардай,
Оқтармен бір ұшқандай,
Қынаптап суырылған қылыштардай,
Ол тірліктің тартады ұлы арнасын,
Жазады өзінің шығармасын:
Пулемет оқтарымен,
Граната оттарымен,
Кек қанымен,
Пиренейдің торала көзді толқынымен,
Солдат ошағының шоқтарымен....
Өтті жылдар
Баррикада түтінімен,
«Рот-фронт»
Дабылды от үнімен
Жатыр генерал
Испания жерін жайлап,
Желбірейді гүлдер
Қабірінде тудай жайнап
Испания аспаны
Мадияр аспанындай
Күркіреп өтеді күн
Генералдың жалын кешкен баяғы
жас шағындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Матэ залка өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Матэ залка өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Матэ залка өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Матэ залка өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері