Сусын туралы жыр
Бұл бетте «Сусын туралы жыр» атты Тоқаш Бердияров жазған поэзия туралы өлең берілген.
-
admin
- 28.09.2024
- 0
- 0
- 2149
Жаз айында, шiлдеде
Қатты ысиды күн неге?
Бәрiмiз де шөлдеймiз,
Шөл басуды жөн деймiз.
Сусынға бай халқымыз,
Қандай тәттi бал қымыз!
Шалап, қатық, айран бар,
Iшiп алып ойнаңдар!
Iздегенге сусын көп…
Көже iшедi Тұрсынбек.
Көрдiңдер ме Қуатты,
Ұнатады ол шұбатты.
Байқасаңыз Күләштi,
Көп iшедi квасты.
Кiп-кiшкентай Айжан қыз
Жүре алмайды айрансыз.
Өзiмiздiң Инабат
Iшедi ылғи лимонад.
Жәмиланың жалғыз-ақ
Iздегенi – балмұздақ.
Сусынға бай халқымыз,
Қандай тәттi бал қымыз!
Айтқанымды iстеңдер:
– Тек шикi су iшпеңдер!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі