Алматы – Дели
Бұл бетте «Алматы – Дели» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 30.09.2024
- 0
- 0
- 1067
Алматының гүл бағында,
Алатаудың шыңдарында,
Қазақстан қырларында,
Қалың орман нуларында,
Елжіреген жүрегіндей
Қалықтап жүр жырларың да.
Қайырмасы:
Алматы – Дели,
Алматы – Дели,
Көгілдір аспаны бір,
Оранып гүлге,
Билейік бірге
Келіңдер, достарым!
Көріңдер кеп, туысқаным,
Ел мен елдің ұғысқанын.
Ұландардың гүл құшқанын,
Құшақ жайып қазақ жері
Қарсы алады Үндістанын!
Қайырмасы:
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі